Жаңа оқу жылына әзірлік қалай?
Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 846 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Ол 45 класс-комплектіні құрайды. Қазіргі таңда мектепке қабылдау жұмыстары электронды түрде жүргізілуде.
Жаңа оқу жылына дайындық актісін беру үшін аудандық білім бөлімінен құрылған комиссия зерделеу жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Карантин жағдайына байланысты мұғалімдер мен оқушылардың техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі мен интернетке қосылу мүмкіндіктері зерттелуде.
Жалпы, 2020-2021 оқу жылының І тоқсанын оқушылар қашықтықтан оқиды деп күтілуде. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналар өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылады.
Аудан бойынша 249 кезекші сыныпта 3474 оқушы білім алмақ. Мектепке қажетті дизенфекция мен санитарлық құралдар алуға бюджеттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары үйлестірілуде. Сонымен қатар аз қамтылған отбасы балаларына планшет және интернет модем құрылғыларын алу жұмыстары жүргізілуде. «Bilimland» платформасын сатып алуға да қажетті қаражат бағытталуда.