Қызылордада оқушылардың қанша пайызы компьютермен қамтылмақ?
Қызылорда қаласында оқушылардың 92,4 пайызы электронды құрылғылармен қамтамасыз етілген. Олардың қалған бөлігін тиісті құрылғымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынуда, деп хабарлайды
Аталмыш мәселе Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде кеңінен талқыланды.
Елімізде коронавирус жағдайына байланысты алдағы оқу жылы қашықтан оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Осыған орай электронды құрылғылармен қамтамасыз етілмеген оқушыларды тиісті жабдықтармен қамту үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Интернет пен ұялы байланыс қолжетімсіз саналатын 2418 отбасында тәрбиеленіп жатқан өрендер «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен мобильді интернетке қосу мәселесі ойлатырылуда. Сондай-ақ, компьютермен қамтылмаған 54 мұғалімге облыстық және қалалық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен электронды құрылғылар беріледі.
Десе де интернет мәселесіне байланысты бірқатар қиындықтар кездеседі. Атап айтқанда, Сырдария өзенінің сол жағалауы, «Саяхат», «Сабалақ», «Бәйтерек» мөлтек аудандарында интернет жылдамдығы төмен. Осы мәселені шешу бойынша «Қазақтелеком» және өзге де байланыс орталықтарымен интернет жылдамдығын күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыс орталығында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады.
Биыл Қызылорда қаласындағы барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында қалалық білім бөліміне қарасты № 43, 112, 173, 23 мектептерде және Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жасалуда.
Жаңа оқу жылында Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жезқазған трассасы бойындағы «Бәйтерек» шағын ауданында 600, Саяхат және Демесінов көшесінің бойынан жеке инвестор қаржысымен 800 балаға арналған 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.
Қала басшысы аталған жұмыстардың жүйелі атқарылуын сала мамандарына нықтап тапсырды. Сондай-ақ, Қызылордада кәсіпкерлер ауруханаларға 39,7 млн теңгенің меджабдықтарын табыстады