Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Науқас коронавирустан жазылғанын қалай біле алады?

Науқас коронавирустан жазылғанын қалай біле алады?

Коронавирустан жазылған адамда әлсіздік, ұйқының бұзылуы секілді ауру белгілері сақталуы мүмкін. Бұл жайында Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Дене температурасының қалыпқа келуі, әлсіздіктің төмендеуі, тершеңдік азайып, бас ауруының қоюы қажет. Яғни, адам өзін қанағаттанарлық деңгейде сезінуі қажет. Қазір бұрынғыдай 14 күн, 20 күн деген уақыт жоқ. Клиникалық бақылаудан кейін дәрігер науқасқа ПТР-талдауын тапсыру қажет пе, соны айтады», – дейді дәрігер.

Айтуынша, коронавирус инфекциясынан адам өзін жақсы сезінуі қажет. Соған қарамастан әлсіздік пен тершеңдік сақталуы мүмкін.

«Иіс және дәм сезуге келетін болсақ, бір адамда ол қабілет үш күннен кейін оралуы мүмкін, ал бір адамда екі айдан кейін оралады. Алайда науқастың дәм мен иіс сезбеуі жан-жағындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді дегенді білдірмейді», – деді инфекционист.
Сонымен қатар дәрігер аурудан кейін ұйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршау секілді белгілер сақталуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, кез келген инфекциялық аурудан кейін қалпына келу бір аптадан екі айға дейін созылады.
Сондай-ақ, дәрігер қалада бір науқастың екінші рет инфекция жұқтырып, ауруханаға түспегенін атап өтті.

20 шілде 2020 ж. 462 1

Serena от 30 мамыр 2025 01:00
Seriously a lot of great data. casino en ligne France Truly many of valuable tips. casino en ligne Regards! Wonderful stuff! casino en ligne You expressed that really well! casino en ligne Kudos, Useful information! casino en ligne francais Seriously many of amazing tips. casino en ligne You actually explained that terrifically. casino en ligne Point certainly used!. casino en ligne France Awesome data Thanks a lot. casino en ligne Amazing loads of valuable advice. casino en ligne