Бетпердені қалай таңдаған дұрыс?
Алматылық инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова қандай маскалар коронавирустан жақсы қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Адамдар қолданатын әртүрлі маскалар бар. Біреулері өздері тігеді, біреулері дәріханадан сатып алады. Зауытта жасалған маскалар үш қабатты және тығыздалған, сондықтан олар вирустардан жақсы қорғайды. Үйде жасалған бетперделер қорғай ма, ол қандай материалдан жасалғанына байланысты.
Бірақ ең бастысы - маска тағу, жиі өзгерту. Әр үш сағат сайын алып тастау керек, масканы шешіп, қалтаға салуға, содан кейін қайтадан киюге болмайды. Егер алып тастаса, жаңа масканы кию керек", - деді дәрігер.
Ол сондай-ақ медициналық маскаларды кәдеге жарату ережелері туралы еске салды. Оның айтуынша, оларды қоқыс жәшіктеріне немесе контейнерлерге тастауға болмайды, пластикалық қаптарға жинау керек.