Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №16 ҚАУЛЫСЫ

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №16 ҚАУЛЫСЫ

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.07.2020 жылғы "Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шараларды енгізу туралы" №16 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, 150-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №239 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгузу туралы» №44 Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Қызылорда облысы бойынша қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілсін.
  2. Қызылорда облысының әкімдігіне, аумақтық мемлекеттік органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау мен арнайы органдар қамтамасыз етуді:
  1. Қызылорда облысының әкімдігіне, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қамтамасыз етуді:
  1. Қызылорда облысының полиция департаменті қамтамасыз етуді:
  1. Қала, аудан әкімдіктері, аумақтық мемлекеттік органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау мен арнайы органдар және меншік нысанына қарамастан барлық нысандар қамтамасыз етуді:
3) адам көп жиналатын орындарда және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарда (ХҚКО-ы, коммуналдық меншік, тамақ өндірісі, қоғамдық тамақтану, вокзалдар, аэропорттар, қызмет көрсету саласы (ателье және т.б.) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (қолды залалсыздандыруға арналған санитайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау, желдету);
        4)  медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, бейімдеу және әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етуді (пациенттердің палаталар немесе бөлмелер арасында және қызметкерлердің бөлімшелер арасында жүруіне, келушілер мен сырттан тамақ қабылдануына тыйым салуды);
  1. Қала, аудан әкімдіктері:
  1. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда бетперде киюге міндетті.
  2. Қала, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері аумақта қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы «Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы» №15 қаулысының күші жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2020 жылдың 5 шілде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
 
 
05 шілде 2020 ж. 865 0