Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » COVID-19 жаңа үш симптомы аталды

COVID-19 жаңа үш симптомы аталды

COVID-19 симптомдарының санына үш жаңа симптом қосылды: диарея, жүрек айнуы және мұрынның бітелуі. Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және профилактикасы бойынша орталығы хабарлады.

Бұған дейін америкалық дәрігерлер инфекция белгілері жоғары температура, тыныс алудың нашарлауы, жөтел, иіс пен дәм сезудің жоғалуы, сондай-ақ бұлшықет ауруы, қалтырау мен тамақ ауруы деп атаған.

Британдық дәрігерлер коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастардың 30%-ы өкпе қабынуы нәтижесінде пайда болатын және өлімге себеп болуы мүмкін тромбоз белгілерін байқайтынын хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусты 10,8 млн-нан астам адам жұқтырған, 519 мыңнан астам адам қайтыс болды.
03 шілде 2020 ж. 539 0