Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шешуші кезеңге атсалысайық!

Шешуші кезеңге атсалысайық!

Құрметті аудан тұрғындары!
Орталық алаңға орнатылған ес­керт­кіш-стеллаға атау қою мен әуен таңдау жұмыстары сіздердің белсен­діліктеріңізбен қарқынды жүргізілуде. Сол үшін сіздерге шын жүректен зор алғыс айтамын.

Бүгін екінші кезеңнің қорытындысын жария етпекпін. Өткен жолы таңдалған 10 атаудан 3 атау іріктелді. Іріктелген 3 атауға дауыс берушілер саны көп болды. Енді сол 3 атаудың ішінен нақты 1 атауды таңдауымыз қажет. Олар – «Алтын сағат», «Алтын уақыт» және «Сыр сағаты» атаулары.

Ал әуен таңдау үшін құрылған комиссия «Сыр сұлуы» әні лайықты деп таныды. Бұл шешімді комиссияның 5 мүшесі бірауыздан толық қолдады. Осы ретте «Сыр сұлуы» әнінің біздің Сырдария ауданында дүниеге келгенін атап өту қажет. Сондықтан комиссияның бұл таңдауы тарихи және идеологиялық маңызға ие.

Үшінші кезең бүгінгі күнді қоса есептегенде 25 маусымға дейінгі аралықта өтеді. Яғни, біз 26 маусымда ең көп дауыс жинаған атауды жариялаймыз. Сол атау арнайы тасқа қашалып көркемделіп жазылатын болады. Бұл ескерткіш-стелланың көркіне көрік қосары анық. Ендеше, баршаңызды шешуші үшінші кезеңге белсене қатысуға шақырамын.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
23 маусым 2020 ж. 694 0