Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Сырдарияда екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Биыл Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі   Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің ресми парақшасында жарияланды. 
Құрылыстың бас мердігері «НұрТалап и К» ЖШС болып табылады. Ал жобалаушы мердігер «Қызылорда ЖобаҚұрылыс» ЖШС болса, техникалық қадағалаушы «Қызылорда НұрСтрой Инженеринг» ЖШС көмегімен іске асырылуда.
Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Осы орайда, ауданда 116 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Оның 58-і жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналастырылады.
Бүгінде жерді қазып құм араласқан қиыршық тас төсеу жұмыстары басталды. Жалпы құрылыс 7 айға жоспарланған. Жұмыс уақытылы орындалса, желтоқсан айының 15-не пайдалануға беріледі.
19 маусым 2020 ж. 334 0