Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мереке қарсаңындағы құттықтау

Мереке қарсаңындағы құттықтау

Қазақ ССР еңбек сіңірген транспорт қызметкері, Павлодар облысының, Павлодар қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардақты ардагер Әби Сарқыншақов аудандық газет редакциясына зор құрметпен сәлемдеме жолдады. Бұлу туралы аудандық газеттің бас редакторы  Ақтөре Ибрагимұлы  фейсбук  әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады. 
– Қазақ ССР еңбек сіңірген транспорт қызметкері, Павлодар облысының, Павлодар қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Әби Сарқыншақовтың есімі аудан жұртшылығына етене таныс. Тереңөзектің мақтанышына айналған тұлғаның өзі шалғайда жүрсе де көңілі, жүрегі туған жер деп соғады. Бүгін ардақты ардагер Әби Сарқыншақов аудандық газет редакциясына зор құрметпен сәлемдеме жолдапты. Павлодар қаласынан келген сәлемдемеде Құттықтау хат және «Люди и встречи», «Я вам расскажу...» және «Замечательные павлодарцы» атты тарихи-танымдық кітаптармен қатар, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың аудандық «Тіршілік тынысы» газеті ұжымына арналған Құттықтау жеделхаты да бар екен. Жеделхатта Одақ төрағасы редакция қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтаған және шығармашылық сәттілік тілеген. Алыстан сәлемдеме жолдап, жерлестерін қуантқан қадірменді қария, ардақты ардагерге алғыс айтамыз!, – делінген жазбада.
Балтабай ОРДАБЕКОВ 
15 маусым 2020 ж. 927 0