Билер кеңесі бітімгершілікке бастайды
Аудан әкімдігі мен аудандық соттың ұйымдастыруымен «Skype» байланыс жүйесі арқылы онлайн режимде семинар өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, тиісті бөлім басшылары, ауыл әкімдері, билер кеңесі және кәсіби емес медиаторлар, БАҚ өкілі қатысты.
Аудан әкімдігіндегі семинарда аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев еліміздегі төтенше жағдай режимінен кейінгі атқарылып жатқан және атқарылатын шараларға тоқталды. Республикада төтенше жағдай аяқталғанымен, инфекцияның таралу қаупі әлі де сақталып отырғанын, шектеу шаралары қатаң сақталу қажет екендігін атады. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге қатысты сөз қозғады.
Семинарда сөз алған аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов аудандық сотта барлық азаматтық, әкімшілік іс электронды түрде жүргізіліп, сот отырыстары онлайн режимде өтуде екенін жеткізді. Осы орайда аудандық сот төрағасы ауыл әкімдеріне қазіргі жағдайға түсіністікпен қарап, сот отырысына шақыртылған азаматтарға хабарламалардың уақытылы табысталуы, ұялы телефоны мен смартфоны жоқ азаматтарды ауыл әкімдіктерінде орнатылған бейнебайланыс арқылы сот отырысына қатыстырылуына мүмкіндік тудыру қажеттігін айтты. Ал көпбалалы аналарға берілген әлеуметтік төлемнің артық шығынын кері қайтару мәселесі ауыл әкімдерінің қатаң бақылауында болып, түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіліп отыруы тиістігін жеткізді. Егер ауыл тұрғындарының арасында түсініспеушіліктер не келіспеушіліктер болған жағдайда мәселені сотқа жеткізбей, әр ауылдағы билер кеңесіне, медиаторларға жүгіну арқылы бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастыру қажет деді. Бұл ретте әлеуметтік төлемді қайтаруда отбасының әлеуметтік жағдайын бағамдай отырып, мүмкіндігінше төлетуге жағдай жасау керек.
– Қазіргі таңда билер кеңесі ескі дәстүрді жаңғыртып, даукестіктің деңгейін төмендетуге және дауларды келісім арқылы тиімді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл халық үшін қолайлы әрі сот органдарының да жұмысын жеңілдетіп отыр. Аудандық сотпен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында кәсіби емес медиаторлар мен билер кеңесінің көмегімен осы күнге дейін 77 азаматтық іс, 8 әкімшілік және 1 қылмыстық іс тоқтатылды, – деді аудандық сот төрағасы
Семинар барысында төраға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме берді.
Жиында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Садықов ауданда атаулы әлеуметтік көмекке қатысты 320 адамға артық қаражат есептелгенін, олардың ішінде 86 адам қаражатты қайтарғанын атады. Қайтарғандардың ішінде 55 адам толық соманы өтеген. Одан бөлек 55 адамға қатысты талап-арыз сотқа жолданған. Ал қалған тұрғындармен билер кеңесі және медиаторлар жұмыс жүргізуі тиіс.
Іс шарада семинарға қатысушылар тәжірибеде туындауы мүмкін деген мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Ердос БЕРКІНБАЕВ