Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру керектігіне тоқталды. Бұл қадамға бару кеше немесе бүгін басталған жоқ. Көреген Көшбасшы бұл мәселені 2006 жылы қозғаған еді. Яғни, Мемлекет басшысы жарты ғасырдан астам уақыт кириллицаны қолданып келген халықтың заман талабына сай жаңғыруына латын тілінің маңызы зор екендігін ұғындырса керек. Бұл әліпбиді өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы қолданған. 11 жыл бойы осы тілге тіліміз жаттықты. Ал енді араға ғасырға жуық уақыт салып, латын қарпіне қайта көшпекпіз. Демек, бұл әліпби бізге таңсық емес және заманның тілі болып тұр. Сондықтан мұны үйрену бізге жеңіл болмақ. 
Қоғамдық пікірмен санаса отырып, латын графикасына көшу кезең-кезеңімен іске асады. Латын графикасын қолдану үшін ғалым, тіл білгірлерінің дайындаған нұсқасы сарапталып, неғұрлым тиімді, дыбыстық ерекшеліктері ескеріліп, қолдануға жеңіл деген нұсқа таңдалды, бекітілді. Онда қазақ әліпбиінің саны 42-ден 32-ге дейін қысқарды. Қаріптердің қоданысқа тиімді болуы басты назарда болған. Бұл өз ретінде қазіргі заманда жаңа технологияларды меңгеруге, халықаралық ақпараттық жүйеге қосылуға зор мүмкіндік ашып отыр. 
Елбасы Н.Назарбаев өзінің мақаласында: ... «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі де уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін» - деген болатын. Демек, айқын мақсатпен латын әліпбиіне көшіп, үздік отыздыққа енетініміз анық.
Еркебұлан ЖАҚЫП,
"Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
21 ақпан 2018 ж. 1 691 0