Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Бұрнағы күні Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай онлайн форматта  «Рәміздерім-елдігімнің тірегі» тақырыбында эссе жазу  шарасы тұрақты оқырмандар арасында өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты  жас ұрпақты еліміздін символы рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге шақыру. Эссе жазу арқылы оқушыларды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу болып табылады.
Өз кезегінде  «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты онлайн кітап көрмесіне бейнеролик жасалды. Мектеп оқушылары  рәміздер туралы эсселерін жолдап, тақырыпты барынша аша түсті.


tirshilik-tynysy.kz  хабарлайды


03 маусым 2020 ж. 1 935 0