Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды

Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды

Карантиндік талаптарға байланысты 31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар ауданда онлайн форматта өтті. Аудандық полиция бөлімінде бейнеконференциялық байланыс арқылы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Ибраев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасағанын айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысының халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңге әділ баға бергенін атап өтті.
– Президент үндеуінде нәубет­ті жылдардың және оның құр­бан­дарының есімі ешқашан ұмытыл­майтыны айтылған. Расында да тарихи датаның мәні мен маңызын, халқымыз үшін тигізген кері әсерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Мемлекет басшысы «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым» деп атап өтті. Бұл жазықсыз жазаланғандар рухына көрсетілген құрметтің жарқын белгісі, – деді бөлім басшысы.
Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел барысында карантиндік талап­тарды сақтау, халыққа дұрыс тү­сіндірме жұмыстарын жүргізу жө­нін­де де айтылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, тапсырылған жұмыстарды тиянақты орындаған сала мамандарына алғыс жария­ланды. Бөлім басшысы ауданның құқық қорғаушылары алдағы уақытта да қоғамға адал қызмет ететініне сенім білдірді.
Онлайн форматта ұйымдастырылған дөңгелек үстел қорытындысында жеке құрамға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Гүлсім ӘЛЖАНОВА 
02 маусым 2020 ж. 375 0