Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл санауда жануарлар емес, заманауи дүниелер бейнеленсе

Жыл санауда жануарлар емес, заманауи дүниелер бейнеленсе


Адамның қолы жетпеген жерге, қиялы жеткен. Айлық жерді көз ілеспес жылдамдықпен жүгіріп өтсе, табалаған дұшпанды жалғыз-ақ адам қырып салса, бөгет болған үлкен көлді бір ішіп тауысса, алып тауды көтеріп әкеліп, сулы-нулы елде тұрсақ деген армандардың арқасында әдебиетіміз батырлар жыры, лиро-эпостық жырлармен, ертегілермен, аңыздармен толықты. Бізде қиялға ерік беріп, жыл санауда жануарлар емес, бүгінгі күнгі жаңа технология түрлері, заманауи құрылғылар бейнеленсе қалай болар еді деген ой теңізіне күмп бердік.
Қазақ – жылды мүшелмен санаған халық. Бір мүшелді 12 жылға бөліп, әр жылға сәйкесінше жануарлардың атауын берген. Мән беріп қарасақ, сол он екінің алтауы – үй жануары, алтауы – түзде тіршілік ететін хайуандар екен. Бұл халықтық жыл санаудың тамыры тым тереңде жатыр. Сонау VIII ғасырдың ғұламасы Махмұт Қашқаридің еңбектерінде бүгінгі жыл санау жайлы деректер кездеседі. Арада қаншама ғасыр уақыт өтсе де сол дәстүрдің бір де бір үрдісі өзгермей сақталған. Түркілердің заманында тышқан жыл басы деп есептелді. Әлі күнге дейін бұл үрдіс сол қалпында қалды. Ол болашақта да өзгермек емес.
https://massaget.kz/

22 ақпан 2018 ж. 2 349 0