Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елімізде коронавирусты емдеудің хаттамасына өзгеріс енгізілді

Елімізде коронавирусты емдеудің хаттамасына өзгеріс енгізілді

Сапа жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысында COVID-19 коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емдеуіне қатысты клиникалық хаттамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook -тегі парақшасында жазды.

Хаттаманың жаңа редакциясындағы өзгерістер:

Екі қосымша қосылды – COVID-19 пневмониясымен ауырғандарды инфекциялық стационардан шығарған соң пациенттерді бақылау алгоритмі және COVID-19 науқастарында көктамыр тромбоэмболиясын диагностикалау және емдеу.

Сондай-ақ, ПТР тестілеу мерзімі мен саны, емдік терапия (оның ішінде жаңа зерттеулер алынғанша гидроксихлорохин қолдану тоқтатылды) өзгертілді. Симптомсыз формасын емдеу тактикасы өзгертілді (үй карантиніне алу). Реконвалесценттерді стационардан шығарған соң емдеу және бақылау.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гидроксихлорохин мен хлорохинді COVID-19 вирусын емдейтін дәрі ретінде клиникалық сынауды тоқтатқан болатын.


29 мамыр 2020 ж. 666 0