Шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

«Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сондай-ақ, ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады.
Сонымен қатар, аймақта соңғы екі жылда «Цифрлы Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, «автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-деді Юлия Тремасова.
Сондай-ақ, қалаішілік қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларға ақпараттық тақта қою жоспарлануда.