Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Тыңғылықты дайындықпен кірісті

Тыңғылықты дайындықпен кірісті

«Күтімді егін бітімді» дейді халық даналығы. Келешек мол өнімге негіз қалау үшін Сырдың басты дақылын егу басталды. Бұл маңызды науқанға «Құндыздымай» шаруа қожалығы ерте бастан қам жасады.
Егістікке су келетін арналар тазартылды. Атап айтқанда, егістіктің негізгі су көзі болып табылатын «Майжарма» каналы сағасынан бастап 3 шақырым аумақта тереңдетіліп қазылды. Егіннен мол өнім алу үшін жерге сіңірілетін тұқым да сапалы болуы керек. Бұл ретте құндыздымайлықтар «Байқоңыр» ӘӘК-тен алған 245 тонна сапалы тұқымы 800 гектар алқапқа себуге жетеді екен.
– «Байқоңыр» ӘӘК-тен 1 репродукциялық тұқым алдық. Күріштің элита сорты. Егін себуді бас­тап жатырмыз. Су көздері дайын. Қысқа мерзімде тұқым себуді аяқтап шығамыз, – дейді шаруашылық төрағасы Бөлеген Рахмет.
Тыңғылықты дайындық бар жерде жұмыстың сапалы атқарылатыны анық. Еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз.


Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
28 сәуір 2020 ж. 757 0