Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аймақта карантин режимі 1 мамырға дейін созылады

Аймақта карантин режимі 1 мамырға дейін созылады

Қызылорда облысында карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды,-деп хабарлайды kyzylorda-news.kz

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №10 қаулысы күшіне енеді. Осыған сәйкес, Қызылорда қаласы, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блокпосттар орнатылады.

«Сәйкесінше карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады», – деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.

Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі.

Қазірге дейін Қызылорда облысында 147 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырды. Оның 21-і қауіпті індеттен толық жазылып шықты.
19 сәуір 2020 ж. 693 0