Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавируспен күреске 104 млн теңге бөлінді

Қызылордада коронавируспен күреске 104 млн теңге бөлінді

Коронавирус індетінің алдын алу және жою шараларын жүргізу үшін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына 104 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді.
«Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты кеселдің алдын алу және жою шараларын жүйелі жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына 104 млн теңге бөлінді. Қаржының 12,8 млн теңгесіне мың жарым литр антисептик, 100 дана төсек жабдығы және бетперде сатып алынды», – деді өңір басшысы.
Сонымен бірге, төтенше жағдайларға арналған резервтен 672 млн теңге қаражат қаралып отыр.
02 сәуір 2020 ж. 334 0