Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалжан ахун ауылының тұрғыны жалған ақпарат таратқан

Қалжан ахун ауылының тұрғыны жалған ақпарат таратқан

Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес заң алдында жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды Сырдария аудандық прокуратурасы. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің фейсбук ресми парақшасында жариялады.
Өкінішке орай, 01.04.2020 жылы Қызылорда облысы, Сырдария аудандық полиция бөліміне, Қалжан ахун ауылының тұрғыны, азаматша Г. арызданып, онда Қалжан ахун ауылының тұрғыны, азаматша Г.-ны «коронавирус» індетіне шалдыққаны жөнінде 28.03.2020 жылы «Whatsapp» желісі арқылы «класстастарының» чатына төтенше жағдай кезінде жалған мәлімет таратқан.
Аталған хабарлама бойынша 01.04.2020 жылы аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркелген.
Қазіргі таңда, Сырдария аудандық полиция бөлімімен тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,- делінген жазбада.
18 наурыз 2020 ж. 703 0