Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Емдеу мекемелерінде сақтық шарасы күшейтілді

Емдеу мекемелерінде сақтық шарасы күшейтілді

Кеше Сырдария аудандық ауруханасында коронавирус індетін алдын алу мақсатында бірқатар ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Медициналық қызметкерлерінен құралған Еріктілер тобы аурухана бөлімшелерінде жатқан науқастарға індеттің негізгі белгілерін түсіндіріп, сақтық шараларын басты назарға алды. Емделушілердің күніне кемінде 2 рет дене қызуын өлшеп, бөлмелерді желдету, күн сайын ылғалды тазалау, қолды жиі сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу, бөгде адамдардың келуін шектеу жұмыстарын жасады. Бүгінде  аурухана, емхана ғимараттарында, коронавирустың алдын алу және одан сақтану туралы жадынамалар ілінген. Күнделікті  күшейтілген санитарлық тазарту жұмыстары қолға алынған.

"ТТ"-ақпарат 

01 сәуір 2020 ж. 566 0