Медицина мамандарына арналған семинар

Семинар барысында дәрігер инфекционист Г.Евниева инфекцияның классификациясы, клиникасы, қауіп факторлары, асқыну мүмкіндігі, стандартты жағдайды анықтау, күдікті, ықтимал және расталған жағдайлар, сараптамалық кеңестер, лабораториялық және диагностикалық зерттеулер жөнінде мәлімет берді.
Сонымен бірге семинарда диагностикалық алгоритм және пациенттерді бақылау және бағыттау карталары түсіндірілді. Медицина мамандарына Қазақстан Республикасы бойынша инфекцияны анықтау және емдеуге арналған клиникалық хаттамаларға сілтеме мен вирусқа сәйкес туындаған сұрақтарға call – орталығына (1406) хабарласу мүмкіндігі бар екендігі айтылды.
"ТТ"-ақпарат