Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жастар бригадасы құрылды

Жастар бригадасы құрылды

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алатыны белгілі. Сондықтан да елімізде жас азаматтарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Осыған дейін аудан қарасты елді мекендерде жастар бригадасы құрылған болатын. Аталған жоба бүгінде Шаған ауылында өз жалғасын тапты.
"Шаған жер" жеке шаруашылық серіктестігі жанынан құрылған топтың қатарында 9 жас бар. Олар жалақымен толық қамтылып, арнайы шөп жинау науқанында және көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жасайтын болады.
"Еріктілер жылында бастау алған бұл жобаның жастарды жұмыспен қамтуда атқарар рөлі айрықша маңызға ие", – дейді шаруашылық директоры Ж.Сыздықов.

Майя ҚОЖАБАЙ 
16 наурыз 2020 ж. 986 0