Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жадынама

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жадынама

Құрметті азаматтар!

Әлемдегікороновирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
Вирустық аурулар белгілері бар адамдар мен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
дене қызуынкүніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
  • тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
  • тұрғын үйжайларынылғалды жинау кезінде дезинфекциялаузаттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сіркеқышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
  • жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану жәнет. б.);
  • қолды сабын мен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);
  • қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
  • адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісі мен шаю;
  • жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір реет қолданылатын майлықтар мен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандыру қажет;
  • қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықта дистанцияны сақтау;
  • ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жеделмедициналықкөмекшақыру қажет;
  • короновирустық инфекция бойынша қосымша кеңестіcall – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңыраушалып алуға болады.
14 наурыз 2020 ж. 552 0