Қазақстан мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салуы мүмкін
Қазақстан оқушыларына смартфон телефондарды қолдануға тыйым салуы мүмкін. Биліктегілер мектеп қабырғасында заманауи ұялы телефондарды қолдануға қарсылық білдірді. Депутаттардың пікірінше, осындай шаралар мұғалімнің оқушы алдындағы беделін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы КТК хабарлады.
Қазіргі кезде мектеп оқушылары сабақ барысын видеоға түсіріп желіге жариялап жүр. Депутаттардың айтуынша, ешкімнің тіпті оқушылардың сынып бөлмесінде не болып жатқаны туралы желіге жариялауға құқығы жоқ. Сондай-ақ, депутаттар мұғалімдердің сөзін сөйлеп, оқушылардың ұстаздарға қарсылық көрсетіп шағымдауын құптамады. Сондықтан биліктегілер білім беру мекемелеріндегі тәртіпті қадағалау керек деп отыр. Олар мектеп қабырғасында телефон қолдануға тыйым салмақшы. Бұл ереже тек оқушыларға ғана қатысты емес, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналарға да қойылатын талап.«Мектеп мемлекеттік мекеме болғандықтан білім беру мекемелерінде смартфон қолдануға тыйым салған жөн. Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарда білім беру мекемесіне келгенде телефон қолданбағаны дұрыс. Мысалы мемлекеттік мекемелерде заманауи телефондарды қолдануға болмайды. Себебі, бөлменің ішінде айтылған әңгіме сыртқа жариянбауы керек. Сондықтан да мектептерге осындай ереже бекіту керек»,-дейді ҚР Парламентінің Сенат депутаты Динара Нукетаева.