Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа ұлттық жүйе құрылады

Жаңа ұлттық жүйе құрылады

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғаудың ұлттық жүйесі құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлеңкелі бизнес деңгейін төмендету және тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мен сатуға ынталандыратын шаралар қабылданады. Біздің азаматтардың сатып алу қабілетін жақсарту мақсатында тұтынушылар құқықтарын қорғаудың толыққанды ұлттық жүйесі құрылады», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Бақыт Сұлтанов сонымен қатар, Қазақстанда ауданы дамытудың жаңа бағдарламасы арқылы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің импортын және экспортын сапалы диверсификациялау көзделіп отырғанын жеткізді.

«Ол экспорттың жалпы көлемінде қайта өңделген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін арттыруға, сондай-ақ белсенді экспорттаушылардың санын бір мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы бағытта маңызы, нысаналы және әлеуетті сату нарықтары негізінде өнімдер мен қызметтер айқындалып, басым түрде іріктеледі. Білім, медициналық және туристік қызметтерді ілгерілету арқылы «сервистік экономиканы» дамыту бойынша шаралар қабылданады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министр сонымен қатар, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауарлар өндірушілеріне қолайлы жағдай жасалатынына сендірді.

«Ұлттық сыртқы сауда саясаты экономикалық дипломатия құралдарын пайдалану, жан-жақты экономикалық интеграциялық бірлестіктердің алаңдарында ұлттық және бизнестің мүдделерін ілгерілету мен қорғау арқылы әлемдік экономикалық интеграцияға бағытталады. Бұл көршілес Орталық Азия елдерімен тауар айналымының үлесін 20 пайызға дейін жеткізуге ықпал етеді. Еркін сауда аймағы туралы келісім жасасқан елдерге өңделген өнімнің экспортын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.


02 наурыз 2020 ж. 587 0