Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мүгедектердің өмірін жақсартуға бағытталған 7 жылдық жоспар әзірленеді

Мүгедектердің өмірін жақсартуға бағытталған 7 жылдық жоспар әзірленеді

Елімізде мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған 7 жылдық ұлттық жоспар әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеу жұмыстары қолға алынған.

«Ұлттық жоспар мүгедектігі бар адамдарды қоғамға толық интеграциялау үшін жағдайлар жасауға арналған кешенді және ведомствоаралық тәсілді қамтамасыз етуге тиіс.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және  құқығын қамтамасыз ету бойынша  жеті басым бағыт белгіленді. Олар: денсаулық профилактикасы - мүгедектік патологияларын азайту; инклюзивті білім беру - бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру; дербес мобильділік - қолжетімді орта; еңбек және жұмыспен қамту - өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік оңалту мен абилитацияны дамыту; мүгедектік проблемаларына көзқарасты өзгерту; әлеуметтік қызметкерлердің кадрлық әлеуетін дамыту», - деді вице-министр.

Осы ретте ол Премьер-Министрден Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қоғамдық даму министрліктерінің басшыларына Ұлттық жоспардың бейінді бөлімдерін сапалы пысықтау, оны іске асыру үшін бюджет қаражатының белгілі көлемін қажет ететін стратегиялық шаралар кешенін айқындау тапсырмасын беруді өтінді.

«Ұлттық жоспардың жобасы азаматтық қоғамның кең талқылауына шығарылады. Айтылғанның негізінде, Бақытжан Әбдірұлы, Сіздің келісіміңізбен Ұлттық жоспар жобасы 2019 жылғы мамыр айында енгізілетін болады», - деді Светлана Жақыпова.  

05 ақпан 2019 ж. 1 055 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 12:26
Buy Xenical Online No Prescription viagra Viagra Super Active 3 8 Day Shipping Comprar Cialis Rapido Cialis 20mg 12 St

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 14:37
Kamagra Similar Generic Zithromax Uk levitra pills for sale Kamagra Potenzmittel Erfahrung