Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Түрмедегі ахуал қандай?

Түрмедегі ахуал қандай?

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен, облыс бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментімен бірлесіп облыстық мекемелер үйіндегі басшылық және атқарушылық тараптағы мемлекеттік қызметкерлерді түзету мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайларымен таныстыру тәжірбиесін жалғастыруда.
Бұл жолы Қызылорда облыстық маслихат пен қаржы басқармасының, жалпы 30 аса мемлекеттік қызметшілері ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторында болды.
Мемлекеттік қызметшілер қамаудағы ұстау шарттарымен танысып, аталған изолятордың карантин, изолятор, асханасын және изолятор камераларын аралатып тұрмыс жағдайын көрсетті.
Мекеме бастығы, әділет полковнигі Алмат Тасқараев  мемлекеттік қызметшілерді отбасының және қызметінің қадірін түсініп, бағалауға шақырды.
Cонымен бірге, ұйымдастырылып жатқан шараның тиімділігін жоғарылату мақсатында ЗК – 169/1 мекемесінде өз жазасын өтеп жатқан «А» есімді  азаматпен сұхбаттасу өткізілді. Сұхбат барысында «А» есімді азамат, мемлекеттік қызметшілерге  адал өмір сүріп, абыроймен қызмет атқарудың және бостандықтың қадірін түсінуге шақырды.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.
27 ақпан 2020 ж. 239 0