Мемлекеттік қызметкерлер тергеу изоляторында болды

Бұл жолы Қызылорда облысы әкімінің аппараты мен тексеру комиссиясы, жалпы 60 аса мемлекеттік қызметші ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторында болды.
Мемлекеттік қызметшілер қамаудағы ұстау шарттарымен танысып, аталған изолятордың ғимаратын аралатып, тұрмыс жағдайын көрсетті. Шара барсында мекеме бастығы, әділет полковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы мемлекеттік қызметшілерді бостандығын, отбасының және қызметінің қадірін түсініп, бағалауға шақырды.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.