Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Білім саласының басшылары түрмеге барды

Білім саласының басшылары түрмеге барды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру аясында, барлық мемлекеттік қызметшілерді бас бостандығынан айыру орындарына бару, таныстыру науқаны ұйымдастырылуда.
Осыған орай, облыстық білім басқармасының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарының басшылары бас бостандығынан айыру мекемесіне барды.
Атап айтқанда, Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің  ЗК – 169/1 мекемесінің тергеу изоляторының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматтардыңкүн тәртібімен таныстырып, аталған изолятордың ғимаратын аралатып, тұрмыс жағдайын көрсетті.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.
14 ақпан 2020 ж. 791 0