Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік туды

13 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік туды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғам белсенділеріменбірлесіп, сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алу бағасын көтеру фактілерін және қолданыстағы заңнаманы (конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен) басқа да бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасы аясында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларына тауар немесе қызмет сатып алу бағаларын белгілеу барысы күмән тудырды.
Мониторинг барысында сатып алынатын тауарлардың бағаларын нарық бағасынан 1,5 – 4 есеге дейін асырып көрсетілгендігі, мұнымен қоса техникалық қателердің орын алғандығы белгілі болды.
Осыған сәйкес, тиісті мекемелерге аталған жоспарларды қайта қарау жөнінде ұсынымдар берілді. Берілген ұсынымдардың арқасында сатып алынатын тауарлардың 13 млн теңгеніүнемдеуге мүмкіндік болды.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік сатып алудың басты мақсаты - мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсап, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қажеттігін естен шығармау қажет. Бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары жалғасын табатын болады.
26 ақпан 2020 ж. 426 0