Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттарды 2 топқа бөлуге болады, олар–рецептпен және рецептісіз босатылатын дәрілер. Елімізде дәрілік заттың7 792 атауы тіркелген, оның 6 033 (Қазақстан Республикасында тіркелген медпрепараттар жалпы санынан 77%) рецептімен босатылатын болса, 1 759-ы рецептісіз. Рецептімен босатылатындар тізіміне микробқа қарсы және гормоналды препараттар, құрамында есірткілік және психотроптық заттары бар дәрілер, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған медпрепараттар, асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуге арналған дәрілер және басқалары кіреді.
Қазіргі таңда рецептімен босатылуы тиіс дәрілердің рецептісіз сатылуы ең өзекті проблемалардың бірі саналады. Дәрілердің қатаң түрде дәрігердің рецептісімен берілуі бұл - жалпыәлемдік тәжірибе.
Мәселен, Германия дәріханаларында дәрілік заттардың 80% ЕО аумағында жазылған рецепт бойынша босатылады. Дәрігер дәрілік заттар рецептісін науқасты толық тексергеннен кейін ғана тағайындайды. Германияда фармацевтті рецептісіз дәрілерді беруге көндіру мүмкін емес. Мұндай жүйе өз бетімен емделу және әсері өте күшті медикаменттерді бақылаусыз қабылдаудың алдын алады.
2019 жылдың 07 маусымында Қызылорда облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұйымдастыруымен«Дәрілік заттардың рецептуралық босатылуы» тақырыбында семинар өтті.
Аталмыш семинардың мақсаты – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маңызды мәселелерді, оның ішінде дәрілерді рецептімен босату сұрақтарын талқылау, сонымен қатар фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Семинарға облыстағы медициналық және дәріханалық ұйымдар өкілдері,Қазақстан Республикасының  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті Дурманова Мария Ивановна, сонымен қатар Ресей мен Белоруссия елдеріндегі фармацевтикалық компаниялар өкілі Чуркина Оксана Владимировна арнайы шақырылды.
Семинар барысында а.ж. 5 айында «Допинг» жедел-профилактикалық шаралар аясында атқарылған жұмыс қорытындылары таныстырылды.
Дәрілік заттар айналымын реттеудің заманауи әдістері және «ҚР «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс тұжырымдамалары туралы Қазақстан Республикасының  фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының Президенті М.И.Дурманова баяндады. Ол семинар қатысушыларын дәрілік заттар босатылымын жәнефармацевтикалық саладағы кәсіпорын қызметін реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттар берді. Сонымен қатардәріханаларды тексеру тәртібі, рецептімен босатылатын препараттарды бақылауды күшейту, бағаларды реттеу жүйесін енгізу мәселелерін талқылады.
Семинардың күн тәртібінде сондай-ақ ақылы рецептілер жазу, дәрі тағайындаудағы  дәріханалардың дәрілерді сатудағы анықталған заңбұзушылықтары туралы сұрақтар да қозғалды.



07 маусым 2019 ж. 1 377 0