Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдария өзенінде сең жүруі мүмкін

Сырдария өзенінде сең жүруі мүмкін

Сырдарияда сең көбесі сөгілуі мүмкін. Себебі ақпан басталғалы өңірде күн қабағы жылы болып тұр, – деп хабарлайды 24.kz

Синоптиктер алдағы күндері термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтып отыр. Сыр өзенінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы бөлігінде тіпті мұз қатпады.

Тек Қазалы мен Аралда 5-20 см аралығында мұз ұстасқан. Шардара су қоймасынан дарияға секундына 400 текше метр су тасталып, оның 300-і Көксарай контрреттегішіне кетеді. Қалғаны 1274 шақырымды құрайтын өзен бойымен ағып теңізге құйылуда. Дарияда жырылып кету қаупі жоғары 56 учаске бар.

Саид Молдақараев, ТЖД басшысының орынбасары: - Болуы мүмкін төтенше жағдайларға облыстың азаматтық қорғау күш-құралдары дайындық деңгейіне келтірілген. ТЖД жергілікті атқарушы органдардан күнделікті мониторинг жасап жатыр. Төтенше жағдай болса біздің қызметтердің бәрі дайын.


05 ақпан 2020 ж. 712 0