Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруы мүмкін

Мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруы мүмкін

Елімізде "Б" корпусындағы вакантты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға тыйым салынып, мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқаруы мүмкін. Мемлекет басшысының тиісті мораторий енгізу туралы жарлығының жобасы egov.kz сайтында Ашық заңдар бөлімінде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған жоба талқыланып жатыр. Егер мақұлданса, мораторий келесі жылдың бірінші күні басталады.

Жарлыққа сәйкес, "Б" корпусының вакантты әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс болуы ықтимал. Қайта құрылған мемлекеттік органдар бұл топқа кірмейді.

Құжаттың қосымшасында мораторий қолданылмайтын бөлімдер де көрсетілген. Олардың қатарына ауыл әкімдіктері, сонымен қатар ауыл әкімдерінің аппараттары, Қорғаныс министрлігі, президент әкімшілігі, президент ісі басқармасы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, премьер-министр мен Елбасының кеңсесі, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің мұрағаты кіреді.

Бұл жаңашылдық орталық сайлау комиссиясына, жоғарғы Сот кеңесіне, Конституциялық кеңеске де әсер етпейді.
Аталған жоба кезең-кезеңімен енгізілетін мемлекеттік қызметкерлерді қысқартуды қарастырады.
20 қаңтар 2020 ж. 509 0