Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Тұрғындар мәселесі шешімін тапты

Тұрғындар мәселесі шешімін тапты

Сырдария ауданының аумағындағы «Теплоснабженец» саяжайының жол мәселесі жөнінде тұрғындар тарапынан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовқа шағым түскен болатын. Аймақ басшысының тікелей бастамасымен бүгінде тұрғындар мәселесі шешімін тапты.

«Теплоснабженец» саяжайы аумағындағы жол мәселесі бірнеше жылдан бері өзекті тақырыпқа айналғаны белгілі. Жолдың жөндеуді қажет ететінін саяжайға келушілер әлеуметтік желіде де бірнеше мәрте көтерген еді. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бюджеттен тыс көздерден, яғни демеушілердің қолдауымен саяжай жолына тас төселінді. Саяжайға кіреберіс 400 метр жерге төселінген тас арнайы техникалармен тегістеліп, жайылған. Енді жаңбырлы күндері бұрынғыдай автокөліктердің жүруіне қолайсыздық болмайды.

Бүгінде «Теплоснабженец» саяжайының тұрғындары мәселені тез шешіп берген аймақ басшысына риза. Олар жол мәселесінің шешімін тапқанына қуанышты. Саяжайдың жол мәселесінің шешілуі облыс әкімінің тұрғындар тілегіне тікелей назар аударғанын, тұрғындардың талап-тілегі ескерілгенін білдіреді.

15 қаңтар 2020 ж. 1 049 0