Bek Air ұшағы неліктен құлады? Скляр үкіметтік комиссияның алғашқы болжамын айтты
Алматы облысындағы Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша құрылған үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамдары айтылды.
Бүгін ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Bek Air әуекомпаниясы ұшағының қанаттары арнайы сұйықтықпен өңделмеген деп мәлімдеді. Ең негізгі себептердің бірі ретінде осы болжам айтылды.
Үкіметтік комиссия апаттың апаттың мән-жайына талдау жасадық. Ұшақ техникалық қызмет көрсету бойынша толық көлемінде ұшуға дайын болған. Комиссия әуе кемесінің мұз қатуға қарсы сұйықтықпен толық өңделмегенін атап өтті. Кеме командирінің шешімі бойынша тек тұрақтандырғыш қана өңделген. Ұшақтың қанаттары 1-ші типтегі мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген, - деді премьер - министрдің орынбасары Роман Скляр баспасөз конференциясында.
Жалпы, бұл апаттың 4 нұсқасы бар. Оның біріншісі, әуе кемесіне коммерциялық жүктің тиелуі кезіндегі және теп-теңдік жағдайының бұзылуы. Екіншісі, сыртқы ықпал, үшінші пилоттаудағы экипаждың қателігі және төртіншісі авиациялық техниканың бұзылуы.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Алматы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшпақ болып, әуежайдан шамамен екі шақырым жерге құлаған болатын. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты. Мемлекет башсысы 28 желтоқсанды Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.