Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 5 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

5 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясында атмосфералық ауа ағындардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысыңда қар жауады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
05 қаңтар 2020 ж. 596 0