Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

21 қаңтарда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

21 қаңтарда Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі елімізде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейіп, күндіз бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтідеді.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 30 м/с асады.


21 қаңтар 2019 ж. 705 0