Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

27 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардығ өтуімен республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жаланашколь ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұқасын күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
27 қараша 2019 ж. 613 0