Аудан халқы Жаңа жылды қарсы алды
Бүгін орталық алаңда аудан халқы Жаңа 2020 жылды қарсы алды. Мерекелік шараға аудан әкімі Руслан Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ардагерлер, аудан халқы мен қонақтары қатысты.
Жиналған көпшлікті қуанышқа бөлеген мерекеде аудан басшысы Р.Рүстемов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мерекемен құттықтады. Әрбір шаңыраққа игілік пен ізгілік, амандық, құт-береке тіледі.
Сырдариялықтар мен аудан қонақтары театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарламаны тамашалады. Сонымен бірге Жаңа жылдық отшашу куәсі болды.
"ТТ"- ақпарат