Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Оқыс оқиға қалай орын алған?

Оқыс оқиға қалай орын алған?

Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Төтенше жағдайда барлық қызметтер бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Алматы әуежайында да осындай әрекеттер алгоритмі қалыптасқан.
05.35 – тіркеу басталды
06.35 – тіркеу аяқталды
07.03 – жолаушылар отырды
07.21 – ұшты
07.22 – борт радардан жоғалып кетті
07.24 – ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қақты (оған іздестіру және құтқару қызметі, медқызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, арнайы көлік қызметі кіреді)
07.27 – апаттық құтқару қызметі 6 «К» бөлігіне жұмылдырылды.
07.35 – ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлады
07.36 – оқиға орнына өрт құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар беріп жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады
07.39 – жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратады
07.42 – оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті
08.10 – оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді
Алғашқы минуттарда 22 техника, 83 адам жұмылдырылды.

28 желтоқсан 2019 ж. 611 0