Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылорда облысында жолға шыққан 143 адам қар құрсауында қалды

Қызылорда облысында жолға шыққан 143 адам қар құрсауында қалды

Қызылордалық құтқарушылар Қызылорда мен Жезқазған аралығындағы жолда 143 адам мінген 54 көлікті қар құрсауынан алып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне 13 ақпан күні хабар келіп түсті. Аталмыш хабарламада Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойында жолаушылар қалып қойғаны айтылған.

Департамент кезекшісінің хабарлауымен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.

«Бұл аумақ ауа райы нашар болды. Аумақ қар құрсауында қалған. Оған қоса боран соғып тұрды. Осылайша тас жолдың 195-212  шақырымы аралығында жолаушылар қиын жағдайда қалып қойған. Құтқарушылар дереу іске кірісті. Осының нәтижесінде жолаушылар құтқарылды. Олар Қызылорда қаласына жеткізілді. Олардың арасында зардап шеккендер мен үсік шалғандар кездескен жоқ», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Авариялық құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 40 жеңіл, 10 жүк көлігін және 4 шағын автобусқа мінген 43 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. Бұған дейін көлік ішінде қысылып қалған қызылордалықтың құтқарылғаны хабарланған болатын. 
15 ақпан 2019 ж. 894 0