Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұмаға арналған ауа-райы болжамы

Жұмаға арналған ауа-райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады.

Соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.


20 желтоқсан 2019 ж. 462 0