21 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы, Жамбыл, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңеретең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңеретең кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.