Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мектептер 2020 жылы латын әліпбиіне көшпейді

Мектептер 2020 жылы латын әліпбиіне көшпейді

2020 жылы мектептер латын әліпбиіне көшпейтін болды

Мектептер 2020 жылы латын әліпбиіне көшпейді. Себебі, жаңа қаріп әлі пісіп-жетілдірілмеген. Сондықтан Білім министрлігі жаңа әліпби ресми бекітілген соң ғана оны қолданысқа енгізеді, – деп хабарлайды www.ktk.kz.

Латын әліпбиінің соңғы нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңілі толмаған еді. Содан кейін бұл мәселені тереңінен зерттеген Білім министрлігі жұмыстарды әзірге тоқтатуға мәжбүр.

Министр Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру – өте ұзақ жұмыс. Сондықтан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тек тиісті ережелер бекітілгеннен кейін ғана әзірленбек. Айта кетсек, латын графикасы жұмыстарымен қазір Мәдениет министрлігі айналысып жатыр. Нақты ереже бекітілгеннен кейін ғана Білім министрлігі өзіне тиісті жұмыстарға білек сыбана кіріспек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: - Әзірге, пысықталып, бекітілген нұсқасы жоқ, сондықтан 2020 жылы мектептер латын әліпбимен оқытылады деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті уақытты қажет етеді. Алдымен ережелерді бекіту керек, кейіннен пилоттық жоба жүзеге асырылады.


06 желтоқсан 2019 ж. 743 0