Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жануарлар әлеміне саяхат

Жануарлар әлеміне саяхат

Бұрнағы күні    аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың фойесінде О.Абдулпаттаев атындағы №210 мектеп оқушыларының қатысуымен «Жан-жануарлардың ғажайып әлемі» атты танымдық ойын өткізілді.
Негізгі  шараның мақсаты:Балалардың Жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй және жабайы жануарларының ажырата білуге. Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Тілдік, сөздік қорын байыту болып табылады.
Мәдени шараны кітапханашы Ж.Оразымбетова жүргізіп Жан-жануарлар туралы кіріспе сөзден кейін, олардың өмірінен 10 таңғажайып деректермен таныстырды.
Шара барысында оқушылар айтып өтсек Тасболат Айзере, Әлібек Кәусәр, Мүбәракова Айару, Айдарбек Ілияс, Жарылқасын Ерасыл, Есенгелдиев Нұржігіт, Бақтыбай Мирас, Тұрсынбек Мансур, Нұрлыбекұлы Әділет, Мейрамбекқызы Айша, Русланқызы Аруназ, Дүйсенбай Әли, Нияз Нұрасыл, Қалам Нұртілек, Ұзақбай Кәусар. «Жалқау қоян» атты қазақ ертегісінен қойылым қойды. Сонымен қатар «Ертегілер, ертегілер» әніне биледі. Сондай-ақ қазақ ақындарының жануарлар туралы тақпақтарын жатқа  айтты. Өз  кезегінде  О.Абдулпаттаев атындағы №210 мектептің 1б сынып ұстазы Айткүл Сарсембаева сөз сөйлеп, шараға оң бағасын берді.
 Шара сонында «Жануарлар әлемі-табиғаттың бөлінбес, құрамдас бөлігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

"ТТ"-ақпарат
10 қараша 2019 ж. 1 344 0