Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласы басты назарда

Денсаулық сақтау саласы басты назарда

Аудандық емханада болған мәжіліс депутаттары З.Аманжолова, Г.Шиповских аудандық ауруханада дәрігерлермен кездесті. Мұнда ауданның бас дәрігері Н.Мырзағалиева ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар депутаттарға аурухананың қабылдау бөліміндегі «Триаж» жүйесінің және жүкті әйелдер мен ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету бөлмесі, оңалту және мейіргерлік күтім бөлімше жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Мәжілісмендер онкологиялық аурулардың алдын алу, мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы, уақыты медициналық көмек көрсетудің маңыздылығына назар аударды.
08 қараша 2019 ж. 383 0