Мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді

«Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі» атты ізгі шараны Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ның Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы А.Қасымова жүргізді. Қазақ ақындары өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыған оқушылар әуезді үндерімен көпшілік тыңдармандарға жақсы әсер қалдырды.
Шараға аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің жауапты хатшысы Ш.Нұрсейітов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Ахметова, «Мирас» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Н.Күдебаева қазылық етті. Бірінші орынды ұлағатты ұстаз, белсенді этнос өкілі Е.Мясцова баптаған №36 мектеп-лицейден Айзира Сәбитова жеңіп алды. Екінші орынды Ерасыл Пернебаев пен Нұрсара Жұманазарова, үшінші орынды Юлия Кочаращенко мен Зере Достанова өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлық табыс етілді.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ