Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұялы байланыс неге өшірілді?

Ұялы байланыс неге өшірілді?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің өкілдері ұялы байланыстың жаппай істен шығуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Комитет төрағасы Виталий Ярошенко 2019 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік нөмірлерді тіркеуге алу процесі аяқталғанын және барлығы тіркелгенін айтты. Бұл - ұялы телефон ұрлығымен және алаяқтықпен күрес үшін жасалған шара.  "2019 жылы 1 қаңтарында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша нормалар күшіне енді, соған сәйкес ұялы байланыс операторына ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. ЖСН-іңізге "байланған" Аппарат Сізге тіркелген SIM-карталармен ғана жұмыс істейтін болады. Басқа SIM-карталармен бұл аппарат жұмыс істемейді. Сіздің ЖСН-ді телефонға байланыстыруды арнайы сервис арқылы тексере аласыз", - деді ол. Ол сондай-ақ соңғы күндері нөмірлерді өшіру туралы шағымдардың саны артқанын айтты. Оның айтуынша, бұл қазақстандықтардың қанша нөмір тіркелгенін білуге мүмкіндік береді. Телефон нөмірлерін пайдалану үшін жауапкершілік олардың иелеріне жүктеледі, сондықтан адамдар "қосымша" нөмірлерді өшіріп жатыр.
24 қазан 2019 ж. 759 0