Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылда қазақстандықтар байланыссыз қалмайды – Дәурен Абаев

Жаңа жылда қазақстандықтар байланыссыз қалмайды – Дәурен Абаев

Үкімет сағатында халық қалаулылары ұялы телефондарды тіркеу барысының қалай жүріп жатқанын сұрады.

ҚР ақпарат және байланыс министі Жаңа жылда қазақстандықтар байланыссыз қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Today.kz. Үкімет сағатында халық қалаулылары ұялы телефондарды тіркеу барысының қалай жүріп жатқанын сұрады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Михаил Черков 1 қаңтардан бастап ұялы телефон қолданушыларына міндеттелетін абоненттік құрылғыны тіркеу заңы күшіне енетінін еске салды. 

"Қарапайым тілмен айтқанда, осы уақытқа дейін өз ұялы телефонын тіркеп үлгермеген адам байланыссыз қалады деген сөз. Үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанын көріп отырмыз. Анықталған ақпарат бойынша, 26 миллион абоненттің 14 миллионы тіркелген. Бұл жартысынан сәл ғана көп. Желтоқсанның басындағы ақпарат. Бірнеше миллион қазақстандық Жаңа жыл түнінен соң бір-бірін құттықтай алмай қалуы мүмкін", – деді мәжілісмен. 

ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев депуттаттарды уайымдамауға шақырды. 

"Бәрі уайымдап жатыр. Көп адам уайымдап жүр, бірақ келіп, тіркетіп кетпейді. Күн сайын адам санын бақылап отырмыз.

Ұялы телефон абоненттері тұрғын санынан 10 миллион есе көп. Яғни, 26 миллион қолданушы болса, тұрғын саны – 18 миллион 

Бір адамда бірнеше телефон бар. Үш-төрт телефоннан, SIM-картадан ұстайды. Менің ойымша, қазір 70 пайыз тіркелді. Демек тұрғындардың көп бөлігі ұялы телефонын тіркеген", – деді Абаев. 

Министр екі-үш пайызға тіркеудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, бұл – автокөлік сигнализациясы сияқты тіркеуге келмейтін құрылғылар. 

"Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ұялы оператор бойынша ақпарат қолымызда. Қиындық тумайды деп ойлаймын. Жаңа жылда адамдар байланыссыз қалмайды. Ол анық", – деді министр. 

today.kz
10 желтоқсан 2018 ж. 694 0